Үй бағасының қымбаттығы тұрғысында Астана көш бастап тұр - Ұлттық Банк
Сурет: unsplash
Құжаттағы мәліметтерге сәйкес, тұрғын үй бағасының өсу қарқыны инфляция деңгейінен төмен болып, бастапқы нарықта 3% және коммерциялық нарықта 4,2%-ды құрады.
2024 жылы еліміз бойынша бастапқы тұрғын үй (жаңадан салынған) кешендерінде бір шаршы метрдің орташа бағасы 490,9 мың теңгені, Астанада 584,9 мың теңгені, Алматыда 573,4 мың теңгені құрады. Бұл ретте коммерциялық нарықта (қолданыстағы үйлер) тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орташа есеппен 507,7 мың теңге, Алматыда 593,6 мың теңге болды.
Бастапқы және коммерциялық нарықтар арасындағы ең үлкен алшақтық Астанада тіркелді, онда пайдаланылып келе жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 626,4 мың теңгені құрады.
Еліміздегі сатып алу-сату мәмілелерінің жалпы саны 2023 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға өсіп, айына орта есеппен 36,1 мыңды құрады. Ең үлкен белсенділік жылдың екінші жартысында "Отау" және "Наурыз" ипотекалық бағдарламаларының іске қосылуы аясында тіркелді. Астана мен Алматыда мәмілелер саны тиісінше 77 мың және 84 мыңға жетіп, рекорд көрсетті.
2024 жылдың екінші жартыжылдығында жеңілдетілген ипотекалық несиелер көлемі 69,2%-ға ұлғайып, 832,7 млрд теңгені құрады. Өсім коммерциялық ипотекалық несие бойынша тіркелді: 21,3%-ға немесе 417,8 млрд теңгеге дейін.
Жаңа туған сәбиге берілетін жәрдемақы мөлшері туралы ақпаратпен мына арадан қаныға аласыздар.