Жаңалықтар тізбегі
0

Заңсыз қоқыс орындары бойынша Астана қаласы мен Қарағанды, Ақмола облыстары көш бастап тұр

Заңсыз қоқыс орындары бойынша Астана қаласы мен Қарағанды, Ақмола облыстары көш бастап тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 12:47 Сурет: Zakon.kz
Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша 2022 жылы анықталған заңсыз қоқыс орындары толығымен жойылмаған. Жойылған бөлігі - 77%. Қоқыс орындарының ең көп саны Қарағанды, Ақмола облыстарында және Астана қаласында екені анықталды.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Оның сөзінше, Ақмола облысы бойынша 830, Қарағанды облысында 745 заңсыз қоқыс орны болған. Қоқыс орындарын жою Абай (10 %), Ұлытау (15 %) облыстарында және Астана қаласында нашар жүргізілген.

2023 жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның 50%-ы (2794 нысаны) ғана жойылды. Сонымен қатар жою бойынша жұмыс деңгейінің төмен екені байқалды: Абай және Маңғыстау облыстарында 16% (Абай облысында 348 нысанның 57-сі жойылды; Маңғыстау облысында 111 нысанның 18-і жойылды), Ұлытау облысында 20 % (205 нысанның 42-і жойылды), Астана қаласында 30% болды (338 нысанның 104-і жойылды).

"Заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының негізгі себебі – коммуналдық және құрылыс қалдықтарымен дұрыс жұмыс істемеуі. Бұл әкімдіктер тарапынан жұмыс деңгейінің төмендігін, қалдықтарды шығарушылар тарапынан (негізінен құрылыс компаниялары) құрылыс қалдықтарын басқару жөніндегі талаптардың сақталуын бақылаудың төмендігін көрсетеді. Заңсыз қоқыс орындарының пайда болу себебінің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының заңдастырылмауы. Осыған байланысты 50 мыңға дейін адамы бар елді мекен үшін техникалық–экономикалық негіздемені қажет етпейтін жаңа полигон салу бойынша мәселе шешілді. Бұл бюджет қаражатын үнемдеп, қатты тұрмыстық қалдықтар құрылысының мерзімін қысқартады", - деп баяндады министр.

Экология министрлігінің GPS датчиктерінің көмегімен қоқыс шығаратын техниканың қозғалысын көрсету бойынша ақпараттық жүйесін пайдалануға беру бойынша жұмыс істеліп жатыр. Келесі жылы өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мысалы, Шымкент қаласы бойынша ("Шымкент арнайы кешені" ЖШС ұйымы 42 көлігімен) пилот жоба жүзеге асырылды. Нақты уақыт режимінде 42 қоқыс шығаратын көлік құралының қалдықтарды жинау орнынан оны қоқыс полигонына апарғанға дейінгі қозғалысы көрініп отырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: