Арнайы кедендік статистиканы МКК жүргізетін болды

Кредит, кредитование, займ, долг, ипотека, автокредит, автокредитование, расходы, доходы, финансы, деньги, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 10:21 Фото: freepik
Қаржы министрі 2025 жылғы 3 желтоқсандағы бұйрығымен арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы кедендік статистика – мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын оңтайландыруға арналған жүйелендірілген мәліметтердің жиынтығы.

Арнайы кедендік статистиканың негізгі міндеттері:

  • деректерді жинау және арнайы кедендік статистиканы жүргізу;
  • аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының нақты бағыттар бойынша қызметін барынша объективті бағалау үшін көрсеткіштер мен олардың жүйесін әзірлеу.

Арнайы кедендік статистиканың есеп объектісі – кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты мәліметтер.

Есеп объектілеріне мына деректер енгізілген:

  • мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің ұйымдық құрылымы және кадрлық құрам көрсеткіштері;
  • декларациялау көлемі;
  • кедендік реттеу саласында қызмет атқаратын тұлғалар туралы мәліметтер;
  • бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтар;
  • жүргізілген кедендік тексерулер және құжаттарға қатысты тексерістер.

Арнайы кедендік статистикаға арналған деректер мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін қалыптастырылады және пайдаланылады.

Деректердің негізгі көздері – Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар негізінде аумақтық кірістер органдары жолдайтын есептілік.

Жиынтық ай сайынғы (жинақталған түрде) және жылдық ақпаратты қалыптастыру үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелері есепті кезеңнен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде арнайы кедендік статистиканың деректерін жинақтауға жауапты құрылымға қажетті барлық мәліметтерді береді.

Ай сайынғы жиынтық ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін, ал жылдық жиынтық ақпарат есепті жылдан кейінгі алғашқы айдың 20-сына дейін қалыптастырылады.

Деректер жинақталғаннан кейін олар Мемлекеттік кірістер комитетінің ftp-ресурсында мемлекеттік кірістер органдарының арнайы кедендік статистика бойынша негізгі көрсеткіштері ретінде орналастырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 20 желтоқсанда күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: