Табыс жетпеген жағдайда: Қазақстанда АӘК кімдерге тағайындалады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 10:49 Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 23 желтоқсанда хабарлағандай, 1 желтоқсан 2025 жағдай бойынша адрестік әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасынан 290,6 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 30,3 млрд теңгені құраған, деп жазады Zakon.kz.

Биылғы жылы осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.

Министрлік атап өткендей, АӘК-тің негізгі мақсаты – отбасының қиын өмірлік жағдайынан шығуына қолдау көрсету, яғни қаржылай көмек көрсету және еңбекке қабілетті мүшелерді жұмыспен қамту шараларына тарту.

АӘК келесі қызметтерді қамтиды:

  • Квартал сайынғы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тағайындалады;
  • 1–6 жас аралығындағы аз қамтылған отбасылардың балаларına ай сайын қосымша төлем тағайындалады. Әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде. 1 желтоқсанға дейін қосымша төлем 90,5 мың мектепке дейінгі жастағы балаға тағайындалып, жалпы сомасы 3,7 млрд теңге құрады;
  • Жұмыспен қамтуды қолдау: жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жіберу және басқа шаралар.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК алуға өтінішті өздерінің тұрғылықты жеріндегі кәсіби орталыққа, ауыл округінің әкіміне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Айта кетейік, Қазақстанда АӘК тағайындау тәсілі өзгереді: көмек тек нақты мұқтаж азаматтарға көрсетіледі. Қазіргі уақытта екі өңірде пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр және ол 2026 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: