Жаңа жыл қарсаңындағы саудада доллар бағамы өсті
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 505,53 теңгені құрап, 3,02 теңгеге қымбаттады.
Ресей рублі бойынша сауда жүргізілген жоқ.
Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 72,12 теңге болды (+0,09).
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы 510,4–515,8 теңге, еуро – 591,9–601,9 теңге, рубль – 6,14–6,41 теңге деңгейінде қалыптасты.
31 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерстері 0,3%-ға арзандап, бір баррелі 61,16 АҚШ долларын құрады.
Ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың бағасы да 0,3%-ға төмендеп, баррелі 57,79 АҚШ долларына жетті.
Ал таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 502,57 теңге, еуроны – 591,68 теңге, рубльді – 6,42 теңге деңгейінде белгіледі.