Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем қалай тағайындалады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 09:12 Фото: Zakon.kz
21 қаңтар күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыстан босатылған азаматтардың тиісті әлеуметтік төлемдерді алу тәртібі туралы мәлімделді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен жоғалтқан табыстың 45 пайызына дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін төмендегі әрекеттерді орындау қажет:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту;
  • "Жұмыспен қамту және еңбек" бөлімінен "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • барлық жолдарды толтырып, қызметке онлайн түрде өтінім беру және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен растау;
  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Аталған қызметті онлайн форматта Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

"Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі МӘСҚ-тан төлем тағайындау жөніндегі қызметті проактивті форматта көрсетуге келісім алу үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жолдайды. Келісім берілген жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Осыдан кейін төлем автоматты түрде тағайындалады", – делінген хабарламада.

Еңбек министрлігі жұмыстан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыс іздеу кезеңінде жұмыссыз азаматты қолдауға арналғанын еске салды.

Ұлттық банк қазақстандықтарды банкоматтар маңында "бақылау" мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: