Салық тексерістері: 2026 жылы қандай өзгерістер енгізілді
Фото: freepik
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Оған сәйкес салық тексерістерін жүргізу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілгенін Zakon.kz хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, басты өзгерістер мыналар:
- Салық тексерістері түрлерге бөлінбей жүргізіледі;
- Тексерулердің негіздері қысқартылып, біріктірілді;
- Тексерулер мерзімін ұзарту қысқартылды: құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін – 10 жұмыс күні, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар үшін – 20 жұмыс күні;
- Салық тексерісі аяқталғанға дейін талап қою құқығының қолдану мерзімі ұзартылды;
- Тексеру құжаттарын тапсыру тәртібі электронды форматта веб-портал арқылы реттелді (нұсқамаға қатысты емес);
- Салық төлеушінің нұсқамаға шағымданған кезеңінде тексерісті тоқтату тәртібі алынып тасталды;
- Салықтық жүктеме коэффициенті тиісті қызмет түрі бойынша жоғарғы шектің 90%-дан кем емес салық төлеушілерге кешенді тексеру жүргізу құқығы шектелді (аймақ ерекшеліктері ескеріле отырып);
- Микро және шағын кәсіпорындарға тексеріс кезінде құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен көп берілмейді;
- Құжаттарды ұсыну талаптарын орындау мерзімі 10 жұмыс күніне қысқартылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті шағын бизнес үшін айыппұлдар мен өсімпелерді есептен шығару тәртібін түсіндірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript