Қазақстанда жоспарланған электрондық сауданың жаңа нормалары 1 шілдеде күшіне неге енбеді

Электрондық сауда, жаңа нормалар, 1 шілде, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 17:18 Сурет: gov.kz
Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің (Қаржымині) Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) электрондық сауда тауарларына қатысты жаңа кедендік реттеу нормаларының күшіне ену мерзімінің ауыстырылғанын айтып, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ҚР Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық сауда тауарларына қатысты жаңа кедендік реттеу нормаларының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

"Аталған мерзім Еуразиялық үкіметаралық кеңес тапсырмасын орындау шеңберінде айқындалды. Тапсырмаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2026 жылғы шілдеден бастап жаңа нормаларды қолдануға дайын болуы тиіс еді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің бірінде ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ратификациялауға қажетті мемлекеттік ішкі деңгейінде рәсімдер аяқталған жоқ. Осыған байланысты бірыңғай қағидалар Одаққа мүше барлық мемлекеттердің аумағында бір мезгілде күшіне ене алмайды, сондықтан оларды енгізу мерзімі кейінге шегеріледі", - деді сәрсенбіде МКК баспасөз қызметі.

Жаңа күшіне ену күні туралы барлық мүше мемлекеттер қажетті мемлекеттік ішкі деңгейіндегі рәсімдерді аяқтап, тиісті шешім қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады.

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, электрондық сауда операторларынан және өзге де мүдделі тұлғалардан осы ақпаратты өз қызметін жоспарлау кезінде ескерулерін сұраймыз". МКК баспасөз қызметі

Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов электр энергиясының тарифіне қатысты үкіметтің қабылдаған шешімін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: