Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ЖТС төлеу мерзімі 7 шілдеде аяқталады

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 10:46 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуі салық есептелген табыс алынған айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей, ай сайын жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда 2026 жылы 5 шілде жексенбіге, ал 6 шілде мереке күніне сәйкес келетіндіктен, Салық кодексінің 64-бабына сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге түссе, онда мерзімнің аяқталатын күні болып одан кейінгі ең жақын жұмыс күні есептеледі.

Осылайша, "Параграф" ақпараттық жүйесінің мәліметінше, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы маусым айында алған табыстары бойынша жеке табыс салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 7 шілдеде аяқталады.

Жеке табыс салығының сомасы әр айдың қорытындысы бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық салынатын табысына 9% мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.

Жеке практикамен айналысатын тұлғаларға мыналар жатады:

  • жеке нотариус;
  • жеке сот орындаушысы;
  • адвокат;
  • кәсіби медиатор.

Бұған дейін Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: