Жаңалықтар тізбегі
0

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын төлеу мерзімі 5 ақпанда аяқталады

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ЖТС төлеу мерзімі 5 ақпанда аяқталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 10:33 Сурет: pexels
Қазақстанда 2024 жылдың 5 ақпанында жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табысы бойынша ЖТС 2024 жылдың қаңтарында алынған кіріс үшін төленуі керек.

Жеке практикамен айналысатын тұлғаның табысына мыналар жатады:

  • жекеше нотариустың табысы;
  • жеке сот орындаушысының табысы;
  • адвокаттың табысы;
  • кәсіби медиатордың табысы.

Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістеріне атқару парақтарын орындау, нотариаттық, адвокаттық қызметтен және кәсіби медиатор қызметінен алынған кірістердің барлық түрлері, оның ішінде заң көмегін көрсету, нотариаттық іс-әрекеттер жасау, сондай-ақ қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомалары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: