Жеке практикамен айналысатын азаматтар жеке табыс салығын 5 мамырға дейін төлеу міндетті
Атап айтқанда, ЖТС төлеу жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың 2023 жылдың сәуір айында алған табыстары бойынша жүзеге асырылады.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан, нотариаттық, адвокаттық, кәсіби медиаторлық қызметті жүзеге асырудан, оның ішінде тиісінше заң көмегін көрсетуге, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға ақы төлеуден алынған кірістердің барлық түрлері.
Сондай-ақ, ЖТС қорғаныс пен өкілдікке байланысты шығындарды өтеудің алынған сомаларына жатады.
ЖТС сомасы жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық салынатын табысының сомасына 10% мөлшерлеме қолдану арқылы ай сайын есептеледі.