3 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 15:49 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 3 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 472,03 теңгені құрап, тағы 2,39 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,11 теңгеге дейін өсіп, +0,05% көрсетті.

Қытай юанінің бағамы 69,62 теңгені құрап, -0,53% төмендеді.

Айырбастау пункттерінде доллар 473,2–475,5 теңге аралығында саудалануда, еуро 540,8–546,3 теңгеден, рубль 5,84–5,98 теңге аралығында саудаға түсуде.

Бұл ретте, 3 шілде күні әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Атап айтқанда, ICE Futures электрондық саудасындағы Brent маркалы мұнайдың қыркүйек фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 71,57 АҚШ долларын құрады.

NYMEX биржасындағы тамыз айына арналған WTI мұнай фьючерстері 0,52%-ға төмендеп, 68,33 АҚШ долларын құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 474,47 теңге, еуроны 541,37 теңге, рубльді 6,08 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: