3 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,49 теңгеге арзандап, 501,57 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,95 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 68,60 теңгеге (-0,51) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 501,3-503,9 теңге, еуро 547-552 теңге, рубль 5,85-5,99 теңге аралығында сатылуда.
3 сәуірдегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 2,88%-ға арзандап, барреліне $72,79 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 3,07%-ға арзандап, барреліне 69,51 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,05 теңге, еуроны 542,99 теңге, рубльді 5,98 теңге деп белгіледі.