3 наурыздағы сауда барысында доллар бағамы дерлік өзгеріссіз қалды

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 15:56 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 3 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,11 теңге (+0,02) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,34 теңгеге (-0,15) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 497,7-500,7 теңге, еуро 520,5-524,5 теңге, рубль 5,47-5,61 теңге аралығында сатылуда.

3 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,12%-ға төмендеп, барреліне 72,72 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,14%-ға арзандап, барреліне 69,66 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 499,22 теңге, еуроны 519,14 теңге, рубльді 5,64 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: