17 қаңтардағы сауда барысында доллар бағамы қайтадан көтерілді

Доллары, тенге, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 16:03 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,41 теңгеге көтеріліп, 530,12 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 72,16 теңгеге (+0,11) көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 531,1-533,7 теңге, еуро 546-550 теңге, рубль 5,09-5,21 теңге аралығында сатылуда.

17 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,39%-ға өсіп, барреліне $81,61 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,54%-ға өсіп, барреліне 78,27 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 529,65 теңге, еуроны 544,64 теңге, рубльді 5,16 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: