Базалық сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі: енді несие пайыздары арзандайды ма?

Несие, пайыз, базалық мөлшерлеме, Ұлттық банк, Тимур Сүлейменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 17:33 Сурет: freepik
ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 4 қыркүйекте өткен брифинг барысында базалық сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі несиелер пен ипотеканың аздап болсын, арзандауына неге түрткі болмағаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов базалық сыйақы мөлшерлемесінің несие құнына әсері бірден емес, араға белгілі бір уақыт салып (кідіріспен) байқалатынын атап өтті.

"Сыйақы мөлшерлемелері төмендеп бастады, онда да біртіндеп", – деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұрын алынған несие міндеттемелеріне ағымдағы шешім еш әсер етпейді.


"Шарт қайта қаралмайынша немесе толық өтелмейінше, жаңа жарияланған базалық сыйақы мөлшерлемесі сізге еш әсер етпейді. Биыл банктердің кірістілігі абсолютті мәнде де, пайыздық көрсеткіште де айтарлықтай төмендеді. Return on Assets (активтердің рентабелділігі) пен Return on Equity (меншікті капиталдың рентабелділігі) көрсеткіштерінің аса жоғары кезеңі аяқталды. Біз ұсынған, Үкімет пен Парламент қолдаған бірқатар салықтық жаңа өзгерістер күшіне еніп, жүзеге асырылуда. Функционалдық реттеу, макро және микроқаржылық реттеу шараларының бірқатары іске асырылды. Яғни, банктердің кірістілігі төмендеді, ал оның әсерлері несие берушінің де, қарыз алушының да тарапында жүріп жатыр", деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлемесін 16,75%-дан 16,25%-ға дейін төмендеткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: