Цифрлық теңге қандай жағдайда бөлшек саудада қолданылуы мүмкін - Ұлттық банк басшысының жауабы

Бөлшек сауда, цифрлық теңге, қолданыс, Ұлттық банк, Тимур Сүлейменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 17:58 Сурет: pexels
ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 4 қыркүйекте өткен брифинг барысында "цифрлық теңгенің қадағалануы мен бағдарламалануы болашақта азаматтардың қарапайым ақшасына да қатысты қолданылуы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов әлемде цифрлық валюталар әртүрлі қолданылатынын атап өтті. Кейбір орталық банктер оларды бөлшек саудада, яғни электронды ақша ретінде пайдаланады. Тағы бір басқа елдер, Қазақстан сияқты, оны көбіне салық төлеушілердің қаржысын бақылау үшін қолданады.

"Бізде қолма-қол ақшасыз төлемдер мемлекеттің қатысуынсыз-ақ жақсы дамыған, сондықтан біз бөлшек саудаға қарай бет бұрған жоқпыз. Бізге бәсекелестік тудырудың не қажеті бар? Біз бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне назар аударуды дұрыс деп ұйғардық", – деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Төлемдер туралы" және "Ұлттық банк туралы" заңдарға тиісті заңнамалық түзетулер енгізіліп, өзгерістер қабылданды, ал қажет болған жағдайда цифрлық теңгені бөлшек саудада да қолдануға болады.

"Бұл үшін нарықтық өнімдер пайда болуы тиіс, мысалы, қандай да бір банк: "Бізге цифрлық теңге керек. Біз үшін цифрлық теңге эмиссиясын жасаңыздар, ал әрі қарай біз оны пайдаланамыз" деуі керек. Яғни, егер оны ешкім қаламаса және бөлшек саудада оған айтарлықтай сұраныс болмаса, онда цифрлық теңгені "тықпалаудың" қажеті жоқ. Егер біреу осындай сұраныспен келсе, біз әрине цифрлық теңге шығарамыз. Бұл тек алдағы сұраныс мәселесімен байланысты", деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін Тимур Сулейменов "базалық сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі неліктен несиелер мен ипотеканың айтарлықтай арзандауына әсер етпегені туралы" сұраққа жауап берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: