БЖЗҚ-дағы ақшаны басқарушы компанияға шығарып алуға болады. Сарапшы кейбір кедергілер туралы айтты

БЖЗҚ, басқарушы компания, жинақ ақша, сарапшы, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 19:40 Сурет: Zakon.kz
7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының 100%-ға дейінгі бөлігін жеке компаниялардың басқаруына бере алады. Алайда жинағындағы барлық соманы аударып көрмек болған кейбір адам бұл ретте кедергіге тап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдай туралы қаржыгер Андрей Чеботарёв өзінің Telegram арнасында жазды. Оның айтуынша, оқырмандардың бірі зейнетақы шотындағы барлық қаражатты басқарушы компанияға аударып бермек болған кезде, оған бас тарту туралы хат келген.

Сарапшының пікірінше, бұл мәселе өтініш беру мен оны орындау арасындағы уақытта жинақ сомасының өзгеруіне байланысты туындауы мүмкін.

"Аударымды рәсімдеу кезінде пайдаланушы шоттағы барлық ақшаны беруге мүмкіндік беретін опцияны таңдай алады. Содан кейін жүйе өтініште көрсетілген барлық қолжетімді соманы автоматты түрде көрсетеді. Бұдан әрі өтініш өңдеуден өтеді, бұл шамамен бір апта уақытты алуы мүмкін. Осы уақыт аралығында активтердің құны мен теңге бағамдары өзгеруі ықтимал. Нәтижесінде, өтініш нақты орындалатын сәтте шоттағы сома оны рәсімдеу кезінде көрсетілген сомадан аз болып шығуы мүмкін. Нәтижесінде өтініші орындаудан бас тартылады, өйткені аударым үшін шоттағы формалды ақша жетіспейді", - дейді Андрей Чеботарёв.

Оның пікірінше, барлық жинақты аудару опциясы өтініш берілген кезде ғана емес, тікелей оны орындау сәтіндегі шоттағы қалдықты да ескеруі тиіс.

Сарапшы жинақтарын БЖЗҚ-дан шығарып алуды жоспарлап отырғандарға қолда бар қалдықтан біраз азырақ соманы көрсетуге кеңес береді.

Айта кетсек, зейнетақы аннуитеті сақтандырушы қаражатының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтартуға мүмкіндік береді, бірақ оларды алуға кепілдік бермейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: