Қазақстанда үй бағасының қымбаттауына байланысты ипотекаға сұраныс төмендеп жатыр
Фото: freepik
Қазақстандықтар ипотекаға өтінішті сирек бере бастаған. Алайда берілген ипотекалық қарыздардың көлемі 1,1 трлн теңгеге дейін өскен. Бұл туралы 2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының Аналитикалық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшылардың айтуынша, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ипотекаға сұраныс өткен жылғыға қарағанда төмендеген.
"Өтініштер саны бір жылда 13,4%-ға азайып, 419,2 мыңға дейін төмендеді. Бірінші тоқсанда сұраныс күрт төмендегеннен кейін (-20,8%), екінші тоқсанда 18,7%-ға қайта өскен. Бұл жылдың басындағы ең әлсіз кезеңнің артта қалғанын көрсетеді", – деп атап өтті Қаржыгерлер қауымдастығының Аналитикалық орталығы.
Сұраныстың төмендеуіне әсер етіп отырған негізгі себептердің бірі – баспана қолжетімділігінің төмендеуі.
"Бір жыл ішінде жаңа үйлердің бағасы 15,5%-ға, ал қайталама нарықтағы баспана бағасы 11,8%-ға өсті. Ал халықтың нақты ақшалай табысы небәрі 0,1%-ға артты. Үй бағасының табыстан әлдеқайда жылдам өсуі бастапқы жарнаға қойылатын талаптарды күшейтіп, ипотека алуға мүмкіндігі бар азаматтардың санын шектейді", – деп түсіндірді сарапшылар.
Өтініштер саны азайғанына қарамастан, жаңа ипотекалық қарыздардың көлемі бір жылда 12,4%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеге жеткен. Бұл ретте бөлшек несие нарығы жалпы алғанда 3,6%-ға қысқарған.
"Өтініштер саны өткен жылғы деңгейден төмен болып отыр. Ал ипотекалық қарыз беру көлемінің өсуі негізінен Отбасы банк пен жеңілдетілген бағдарламалардың есебінен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің классикалық ипотекасы қысқарып, оның жаңа қарыздардағы үлесі 14,3%-ға дейін төмендеді. Яғни нарық негізінен жеңілдетілген бағдарламалар мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өсіп жатыр. Ал нарықтық ипотекаға қаржыландыру құнының жоғарылығы әлі де қысым көрсетуде", – дейді Қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі әзірге несие менипотеканың айтарлықтай арзандауына не себепті әкелмегенін түсіндірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript