Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар: Компьютерлік ойындар баланы ақылсыз әрі ашушаң қылады

aigak.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 17:29 aigak.kz
Зерттеушілердің арасында танымал GTA және Call of Duty деп аталатын ойындар, невростимулятор ретінде жетілмеген ойларға әсер етеді.

Компьютерлік ойындар кәмілетке толмаған балалар мен жеткіншектерді ашушаң етеді, деп жазады tirshilik-tynysy.kz.

Дартмут колледжінің әлеуметтанушылары мен психологтары компьютерлік кей ойындардың бала жүйкесіне әсер ететінін айтты. 17 мың баланы зерттеу кезінде Grand Theft Auto, Call of Duty, Manhunt ойындарының басқа ойындарға қарағанда баланы жанжал шығарғыш әрі ызақор ететіні анықталды.

Жеті жыл бойы байқау барысында – 2010 жылдан 2017 жылға дейін ғалымдар негізгі көрсеткіштер бойынша, соның ішінде жалпы қатыгездік, нақты эпизодтардағы зорлық-зомбылық деңгейі және жеке миссияларды орындаудың баламалы нұсқаларының жоқтығы туралы бейне ойындарын талдады.

Зерттеушілердің арасында танымал GTA және Call of Duty деп аталатын ойындар, невростимулятор ретінде жетілмеген ойларға әсер етеді, жасөспірімдерді ата-аналарды, мектептегі мұғалімдерді қорлауға және құқық бұзушылықтарға мәжбүр ететіні белгілі болды.

Ал, Super Mario логикалық тапсырмаларға негізделген ойындар керісінше баланың ойының жетілуіне көмектеседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: