Жаңалықтар тізбегі
0

Күніңіз тиімді болуы үшін таңды қалай өткізген дұрыс

Күніңіз тиімді болуы үшін таңды қалай өткізген дұрыс?, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 11:23 Сурет: pixabay
Көптеген адам ұйқыдан ояна сала бірден телефонын қолына алады. Келген хабарламаларды немесе жаңалықтарды оқи бастайды. Мамандардың пікірінше, бұл жаман әдет күні бойына жаман әсер беруі мүмкін.

Алматы қалалық перинаталдық орталығының психологы Гүлнар Досжанованың қарапайым кеңестері таңды дұрыс өткізіп, күні бойына қуат алуға көмектеседі.

Таң мезгілі – күннің маңызды бөлігі. Адам денесінің биоритміне сәйкес, таңғы алты-жетіде ояну сегіз-тоғызда оянуға қарағанда әлдеқайда оңай және пайдалы. Бұл жағдайда адам күнін белсендірек өткізеді, сондай-ақ өзін сергек сезінеді.

"Таңертеңгі сағат бесте адам ағзасында "белсенділік гормондары" – кортизол мен адреналин жоғарылайды. Қандағы гемоглобин деңгейі көтеріледі, тамырдың соғуы жиілейді, тыныс алу тереңдейді. Осылайша адам ағзасы оянуға дайындалады. Сондықтан ұйқыдан таңғы алтыда тұрған сегізде оянудан әлдеқайда оңай", – дейді Гүлнар Досжанова.

Ерте оянудың тағы бір пайдасы, кейінірек түрлі шаруаларға байланысты үлгермеуіңіз мүмкін істермен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл – кітап оқу, сурет салу немесе медитация болуы мүмкін.

"Медитация жүйке мен тыныс алу жүйесін тыныштандырады, есте сақтау қабілеті мен зейінді жақсартады. Сіз өзіңізбен және айналаңыздағы әлеммен үйлесімді болуды үйренесіз, күйзеліс кезінде төзімді боласыз, эмоцияларды басқара аласыз. Таңертең үнемі медитация жасау мазасыздық деңгейін төмендетеді. Сізге әртүрлі жұмыстарды орындау оңайырақ болады және күні бойы көңіл-күйіңіздің жақсы болуына әсер етеді", – дейді психолог.

Ол таңертең бір стақан су ішуді әдетке айналдыруға кеңес береді.

"Бұл ас қорыту жүйесінің оянуына, асқазанның, ішектің, бүйректің және басқа да органдардың жұмысын бастауға көмектеседі. Су дене температурасын реттеуге қатысады, қан айналымын қалыпқа келтіреді. Лимфа жүйесінің жұмысы да тұрақтандырылып, иммунитет күшейеді", – дейді маман.

Соңғы уақытта таңғы астың қажетсіздігі туралы көптеген ақпараттар пайда болды. Алайда, сарапшылардың пікірінше, егер адам ауырып немесе диета ұстамаса, онда таңғы ас өте қажет және пайдалы.

"Таңғы ас қажет. Ол арқылы адам өзінің физикалық белсенділігі мен төзімділігін арттырады. Таңертеңгілік ас қандағы кортизол деңгейін төмендетеді, бұл стресстік жағдайлардың дамуына қатысатын гормон. Тек таңғы аста ғана емес, күні бойы дұрыс тамақтануға тырысыңыз", – дейді психолог.

Таңғы астың құрамында ақуыздар, баяу көмірсулар және пайдалы майлар болуы керек. Мұндай тағам ағзадағы метаболизм процесін іске қосады және күні бойына қуат береді.

Таңертеңгілік жаттығулар және спортпен шұғылдану ағзаға өте жақсы әсер етеді. Жаттығу жаңа жүйке жасушаларының өсуін ынталандырады, миды оттегімен қанықтырады, бұлшықет массасын күшейтеді.

"Таңертең жаттығу жасау және спортпен шұғылдану көңіл-күй мен когнитивтік өнімділікті жақсартады. Жаңа нәрселерді үйрену оңай болады. Терінің жағдайы айтарлықтай жақсарады. Таңертең спортпен шұғылдану жасқа байланысты аурулардың қаупін азайтады және баяу қартаюға себеп болады", – дейді дәрігер.

Ыстық және суық сумен душ қабылдау денсаулықты нығайтудың және энергияны арттырудың қосымша әдісі. Таңертең денені тез ояту және тонусты көтеру үшін душ қабылдау пайдалы. Суық су жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын ынталандырады және күйзеліске төзімділікті арттырады.


"Ыстық және суық сумен душ қабылдау денсаулыққа ғана емес, косметикалық мақсаттарға да пайдалы. Ыстық су терідегі ұсақ тесіктерді ашады және қан айналымын арттырады. Суық су керісінше, тері тесіктерін жабады, ісінуді азайтады, теріні нығайтады және оны серпімді етеді", – деп түсіндірді Досжанова.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: