Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер электромагниттің адам денсаулығына әсерін айтып, ескерту жасады

Дәрігерлер электромагниттің адам денсаулығына әсерін айтып, ескерту жасады Сурет: freepik
Антропогендік сәулеленуден болатын электромагнит өрістердің әсері халықтың денсаулығына тәкелей ықпал етеді. Сондықтан мамандар тұрғындарға кеңестер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті электромагнит өрістердің әсері туралы мәлімет берді. Олардың айтуынша, адам үнемі қоныстану аумақтарында, өндірістік жағдайларда, тұрғын, әкімшілік, кеңселік үй-жайларда, білім беру және емдеу-профилактикалық мекемелерде электромагниттік өрістің әсеріне ұшырайды.

Электромагнит толқындарының адам ағзасына мынадай зияны бар: 

  • орталық жүйке жүйесінің бұзылуына;
  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуына;
  • қанның морфологиялық құрамының бұзылуына әкеп соғады.

ЭМӨ қауіпті әсерін болдырмау үшін қандай электр құрылғыларын қолданбау керек және үйде оларды қалай, қайда қоямыз?

  • электр құрылғыларын бір жерде топтастырмау, оларды бір-бірінің ЭМӨ-сін күшейтпейтіндей етіп орналастыру;
  • электр құрылғыларын асхана, жұмыс үстелі, ұйықтау және демалыс орындарына жақын қоймау;
  • балалар бөлмесін ЭМӨ-ге мұқият тексеру, бөлмеде радиомен басқарылатын немесе электрлі ойыншықтардың, планшеттің, смартфонның, ноутбуктың тұрақты түрде болуына жол бермеу;
  • электр құрылғылардың бәрін бір уақытта емес, кезекпен қосу: ұялы телефон, компьютер, ӨЖЖ-пеш, теледидар түрлі уақытта қосылуға тиіс;
  • 10 метр радиуста тұрақты магнит өрісін құратын радиотелефон базасын жатын бөлмеден және жұмыс үстелінен оқшаулау.

Мамандар осындай алдын алу шараларын жасап, денсаулықты сақтауға болады деп ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз