Жаңалықтар тізбегі
0

Тұмаудан коронавирустың қандай айырмасы бар – маман кеңесі

Тұмау, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 09:54 Сурет: pixabay
Эпидемиялық маусымның басталуына байланысты дәрігерлер ЖРВИ, тұмау және COVID-19 ауруының ең жиі кездесетін белгілерін, инкубациялық кезеңдерін және ұзақтығын еске салып, өз кеңестерін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аурулардың айырмашылығы туралы дәрігер-терапевт Ирина Андреева түсініктеме берді.

"Ауру белгілерін (симптомдарын) нақты тізбектеп беру мүмкін емес. Сайып келгенде, тек коронавирус тесті немесе дәрігер анық-қанығын нақтылай алады. Алайда, айырмашылықтар, әрине бар, мысалы, ауру белгілерінің жиілігіне байланысты", - деп МедикФорум Андрееваның сөзін келтіреді.

Суық тию

Белгілері: мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың ауруы.

Сирек орын алатын тағы бір белгілері: жоғары температура немесе аса жоғары температура.

Инкубациялық кезеңі: инкубациялық кезең әр түрлі болуы мүмкін: екі күннен 14 күнге дейін.

Ұзақтығы мен жұқпалылығы: суық тию, әдетте бір апта бойында жұқпалы деп саналады.


COVID-19

Белгілері: жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, дененің қызуы.

Сондай-ақ пайда болуы мүмкін тағы бір белгілері: бас ауруы, дененің ауыруы, жалпы әлсіздік, ентігу.

Сирек орын алатын тағы мынандай белгілер болуы мүмкін, мысалы: жүректің айнуы, іштің өтуі, яғни диарея, конъюнктивит, терінің бөртуі, лимфа түйіндерінің ісінуі.

Инкубациялық кезең: орташа есеппен 4-6 күн. 

Ұзақтығы: аурудың жүру ұзақтығы оның ауырлығына байланысты.


"Аурудың жеңіл және орташа ауыр түрінің белгілері пайда болғаннан кейін 10 күннен соң жұқтыру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Алайда, кейбір ауыр науқастарда ауру басталғаннан 8-15 күн өткеннен соң жағдайдың нашарлауы байқалады", – деп түсіндіреді Андреева.


Тұмау

Белгілері: Суық тию белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, тұмаудың белгілері олардан айтарлықтай ерекшеленеді.

Тұмау белгілері: қалшылдау, бас ауруы және/немесе өне-бойдың ауруы.

Сондай-ақ тағы мынандай белгілер де көрініс табуы мүмкін: ауыз жаптырмайтын құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, тер басу, мұрыннан су ағу, жүректің айнуы, құсу, диарея.

Инкубациялық кезеңі: қысқа және орташа есеппен 1-2 күн. 

Ұзақтығы және жұқпалылығы: аурудың ұзақтығы әдетте 5-7 күн. Алайда, ауру асқынған жағдайда науқастарда ауру белгілері пайда болғаннан кейін шамамен 3-10 күннен кейін нашарлау жиі кездеседі.

"Әсіресе егде жастағы адамдар қатты жапа шегеді. Тұмаумен ауыратын науқастарда аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін бір апта бойында жұқпалылығы сақталады".
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: