Жаңалықтар тізбегі
0

Акушер-гинеколог әйел жүкті кезінде қандай ауруларға жиі тап болатынын айтты

Акушер-гинеколог әйел жүкті кезінде қандай ауруларға жиі тап болатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 17:33 Сурет: pixabay
Жүктілік кезінде әйелдер көбіне гормоналды фонның бұзылуы сияқты проблемаларға тап болады. Бұл жыныстық инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін.

Мысалы, қынап инфекциялары, кандидоз, бактериялық вагиноз, В тобындағы стрептококк, жатырдың инфекциясы және басқалар.
"Жүктілік кезінде әйел осал болады. Иммун жүйесінің өзгеруі инфекциялардың өршуіне әкеледі. Олардың бәрін емдеу керек. Әйтпесе мерзімінен бұрын босануы мүмкін. Оның үстіне қауіп әйелдің нәрестеге инфекцияны жұқтыру ықтималдығында және бұл нәресте үшін көптеген жағымсыз салдарға, соның ішінде ең қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін", - дейді Алматы №2 қалалық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Гүлнар Куренова.
Маманның айтуынша, инфекция жатырға жетіп, плацентаға тікелей теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар әйел мерзімінен бұрын босанып немесе бұл ағзасына асқыну әкеліп те жатады. Инфекцияның қынаптан жатырға енуіне жол бермеу керек екенін түсіну маңызды, сондықтан міндетті түрде емделу керек. Кейде науқасты ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Бірақ көбіне амбулаториялық негізде, антибиотик курсының көмегімен, флораны қалпына келтіретін дәрі және тағы басқа ем жасалады.
Гинеколог маман жатырда дамып келе жатқан ұрық үшін ең қауіпті инфекцияларды атады. Олар гонорея, хламидиоз, бактериялық вагиноз, АИТВ, мерез, герпес, гепатит, токсоплазмоз, стрептококк, цитомегаловирус, листерия.


"Көптеген инфекция ұрықтың дамуына теріс әсер ете алады. Мұның салдары қаншалықты ауыр болатынын алдын-ала айту мүмкін емес. Әр организм әртүрлі. Кейбір ауру ананың ағзасына зиян әсер етеді де, әйел бала көтере алмауы мүмкін, не туу кезінде асқыну тудыруы мүмкін. Бұл жүктіліктің үзілуіне, мерзімінен бұрын босануға себеп бола алады", - дейді маман.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: