Ер адам бес айдың ішінде 40 кг салмақ тастап, жетістігінің құпиясымен бөлісті

Ер адам бес айдың ішінде 40 кг салмақ тастап, бұл жетістігінің құпиясымен бөлісті , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 16:17 Сурет: pexels
Дубайда тұратын Үндістан тумасы Зубайр Чаудхри бес айдың ішінде 40 келі салмақ тастаған. Ол бұл жетістікке қалай жеткені туралы құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамның айтуынша, оның жұмысы көп болғандықтан, тамақ дайындауға уақыты болмаған. Сондықтан ол жиі фастфудпен тамақтанған. 2024 жылдың соңына қарай салмағы 135 килограмға жеткен.

"Мен Дубайда жалғыз тұрамын. Жұмыстан кейін бірден қосымша арқылы тамаққа тапсырыс беретінмін. Үнемі солай. Бургер, пицца сияқты фастфудтар жедім, бірақ ешқашан дұрыс тамақ алған емеспін. Шыны керек, екі жылдың ішінде өз ас үйімді бес-ақ рет қолданған шығармын", – деді Чаудхри.

Lenta.ru оның өзін физикалық және психологиялық тұрғыдан нашар сезіне бастаған жазды. Осыдан кейін ол тамақтану дағдыларын түбегейлі өзгертіп, фастфудтан толықтай бас тартқан. Тамақты өзі пісіре бастаған, негізгі рационына салаттар, шикі көкөністер мен тауық етінен жасалған тағамдар енген. Бес ай ішінде тек бір рет диетасын бұзған – туған күнінде.

Қазір Чаудхри дұрыс тамақтануды арықтаудағы ең маңызды фактор деп есептейді. Оның айтуынша, егер адам тұрақты диета ұстанбаса, ешқандай жаттығу көмектеспейді. Сондай-ақ дұрыс тамақтану жоспары қандағы қант деңгейін және зат алмасуды реттейді, бұл өз кезегінде шамадан тыс аштық сезімінен арылуға көмектеседі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, арықтағысы келетін адам өзін аштықпен қинамауы керек, тек кейбір тағамдарды пайдалы баламаларға ауыстырған жөн. Мысалы, етті майға қуырудың орнына грильде пісіруге болады. Тәтті газды сусындардың орнына су ішу керек, ал чипстердің орнына жаңғақ жеген дұрыс.

Тамақтану әдеттерін өзгерту арқылы Чаудхри салмағын 95 килограмға дейін түсірген. Ол мұнымен тоқтап қалмақ емес, тағы 15 килограмға арықтауды жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: