Газдалған сусынды жиі ішу қандай қауіп төндіреді - мамандар кеңесі

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 17:45 Фото: pexels
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға қант құрамды сусындарды тұтынуды азайту қажет екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар қазіргі өмір ырғағында тәтті газдалған сусындар, энергетикалық сусындар, сондай-ақ қалпына келтірілген шырындар күнделікті рационның кең таралған бөлігіне айналғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қосылған қантты шамадан тыс тұтыну бірқатар созылмалы аурулардың дамуындағы негізгі қауіп факторларының бірі болып табылады.

"Қант құрамды сусындар "бос калориялардың" көзі болып табылады: олар ұзақ уақытқа тоқтық сезімін бермейді, бірақ қандағы глюкоза деңгейінің күрт көтерілуіне әкеледі. Оларды тұрақты тұтыну II типті қант диабетінің, семіздіктің, жүрек-қан тамырлары ауруларының, сондай-ақ тіс жегісінің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Мамандар 330 мл көлеміндегі газдалған сусынның бір порциясында 10 шай қасыққа дейін қант болуы мүмкін екенін, бұл оның тәуліктік ұсынылатын тұтыну мөлшерінен асып түсетіндігін айтты.

Денсаулықты сақтау мақсатында Комитет мыналарды ұсынады:

  • өнімнің таңбалануындағы ақпаратты, әсіресе 100 мл өнімдегі қант мөлшерін мұқият зерделеу;
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес еркін қанттарды тұтынуды шектеу — рационның жалпы калориясының 5%-дан азы (ересек адам үшін күніне шамамен 25 грамм немесе 6 шай қасық);
  • тәтті сусындарды тұтынуды біртіндеп азайту, олардың көлемін қысқарту;
  • шырындарды тұтынғанда оларды сумен сұйылтып, судың үлесін біртіндеп арттыру;
  • "сұйық тіскебасарлардан", оның ішінде сироп қосылған кофе сусындары мен энергетиктерден аулақ болу, өйткені олар бір порцияда қанттың тәуліктік мөлшерін қамтуы мүмкін.
"Балалардың тамақтануына ерекше назар аудару қажет: екі жасқа дейінгі балаларға қосылған қант бар өнімдерді тұтыну ұсынылмайды",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін сүт өнімдерінен бас тарту ішек обырының қаупін арттыруы мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: