Ғалымдар ұйқы қандай жағдайда өмірге қауіпті екенін анықтады
Сурет: magnific.com
Sleep Medicine журналы ғалымдардың China Kadoorie Biobank (Қытай биобанкі) қатысушыларының деректерін талдаған ауқымды зерттеу нәтижелерін жариялады. Бақылау жұмыстары шамамен 10 жылды қамтиды.
Зерттеушілер тәулігіне жетіден тоғыз сағатқа дейін ұйықтайтын адамдардың көрсеткіштерін ұйқысы бұдан аз немесе көп адамдардың деректерімен салыстырып көрген.
Жеті сағаттан аз немесе тоғыз сағаттан артық ұйықтау бірінші кардиометаболикалық аурудың даму қаупін 4%-ға, екі немесе одан да көп осындай аурулардың қаупін 10%-ға, ал кез келген себептен болатын өлім қаупін 7%-ға арттыратыны анықталды.
Кардиометаболикалық аурулар – бұл миокард инфарктісі (жүрек ұстамасы), инсульт, қант диабеті, бүйрек аурулары, бауырдың майлануы жататын патологиялар тобы.
Аурулардың ең жоғары қаупі ұйқысы бұзылып, кейде тым көп, кейде тым аз ұйықтайтын адамдарда байқалды. Авторлар анықталған бұл байланыстың қатысушылардың әртүрлі топтарында сақталғанын атап өтеді. Сонымен қатар, ұйқының ұзақтығы ауруды тікелей тудырмайды, тек олардың даму факторларының біріне айналады.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы кеңеспен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын мамандармен кеңесіп алғаныңыз жөн.
Бұған дейін Қазақстанда жүздеген балаға есту қабілетін қалпына келтіру үшін имплант орнатылғанын жазғанбыз.