Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Синоптиктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 17:33 Сурет: pixabay
Қарағанды облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады

Алдағы күндері жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түсіп, солтүстікте боран соғады, жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауын-шашын еліміздің шығыс аймақтарын ғана айналып өтеді. Оңтүстікте, солтүстікте және шығыста желдің күшеюі мүмкін.

Қостанай облысында күндіз солтүстікте көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, жел күшейеді, оңтүстікте тұман түседі деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Синоптиктер Жамбыл облысының таулы аймақтарында, тау бөктерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста желдің күшеюін болжайды.

Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігінде және шығысында тұман түседі, Ақмола облысының батысында көктайғақ болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында қатты жел тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: