Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте іздеген баласын анасы 29 жылдан кейін түрмеден тапты

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 22:11 Сурет: Zakon.kz
Жәмилә апайдың басты тілегі – қиын сәтте қасынан табыла алмаған перзентінің кешірімін алу

Шымкенттік келіншек ажырасқанда ұлының жасы небәрі екіде болыпты. Баласы осылайша қайын жұртта қалып кете берген. Одан кейін оны іздегенімен, бұрынғы күйеуінің туыстары ана мен баланың кездесуіне тыйым салыпты. Арада 29 жыл өткенде Жәмила апай баласын Шымкенттегі түрмеден тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам жазасын қатаң режимдегі ИЧ 167/2 колониясында өтейді, содан ол тағы бес жылға жуық уақыт түрмеде болады. Жастайынан тағдыр тәлкегіне түскен жігітті ата-анасының ажырасуына байланысты жақындары бір-бірін еске алуға мүлдем мүмкіндік бермеген көрінеді. Бірде түрмеге түскен сотталушы түрме қызметкерлерінен өзінің анасын табуға көмектесуін өтініпті. Арада біраз уақыт өткеннен соң, жігіттің тілегі орындалды. 29 жылдан кейін анасы мен түрмедегі баласы жүздесті, деп хабарлайды otyrar.kz.

«Балам мені кешірші, тезірек шықшы, бақытты өмір сүреміз деп сұраймын».

Жәмилә апайдың басты тілегі – қиын сәтте қасынан табыла алмаған перзентінің кешірімін алу.

Бұл азамат өмір бойы анасымен кездесуге дайындалған еді. Ол ата-анасы ажырасқанда өзінің екі жаста болғанын айтады. Сондай-ақ, ол есейгенде анасын табуға барынша тырысқан, алайда ешбір әрекеті нәтиже бермеген.

Мен оны іздеп көрдім, бірақ ол туралы бір де бір ақпаратты таба алмадым, туыстарым оны менен жасырып қалды, мен тіпті анамды қайдан іздеуді білмедім. Содан мен түрмеге түстім, сол кезде ойыма бірден келгені, осындағы қызметкерлерден көмек сұрау арқылы, анамды табу. Арада бірнеше айдан кейін олар оны тапты. Біз телефонмен сөйлесіп, кездесуді күттік, мен оны бүгін көремін. Әйелім, екі балам бар, қазір анамды таптым. Сотталған ер адам

Жәмилә апай арада 29 жыл өткен соң ұлымен кездесуге келді, соңғы рет олар баланың екі жасында көріскен екен. Одан кейін талай рет талпынғанымен, нәтиже болмаған. Анасы баласының оны іздеп жүргенін білгенде қатты таңқалғанын, тіпті бұл туралы мүлдем ойламағанын айтады.

Өмірде бәрі қателеседі! Мен ұлымды ешқашан айыптамаймын. Мен оны іздедім, бірақ туыстары онымен араласуға тыйым салды. Жарайды, мұндай өмір, мен ешкімді кінәламаймын. Бастысы енді мен оны таптым. Жәмила апай

Анасы мен баласы 30 жылға жуық зарыға күткен сәт түрмеде бұйырды.

Колония қызметкерлері жігітке анасын табуға көмектесіп, барлық өтініштерді жолдап, ұзақ уақыт жұмыс істеген көрінеді. Нәтижесінде, олардың бұл әрекеті, ана мен баланың қаншама жылдық арманының орындалуына себепкер болды. Жауапты мамандар, екі тарап бұл жаңалықты естігенде бірден кездесуге келіскенін айтады.

Сотталушы бізден анасын табуды сұрады, біз барлық инстанцияларға сұрау жібердік, содан кейін жауап алдық. Олар анасын тауып, бүгін кездесті. Енді ешқашан ажырамайтынын айтуда. ИЧ 167/2 колония бастығының орынбасары Мағжан Сембек

ИЧ 167/2 колониясында 700-ден астам тұтқын бар, әркімнің тағдыры әртүрлі, бірақ бәрінің тілегі бір, тезірек бостандыққа шығу, туыстарымен кездесіп, жаңа өмір бастау!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: