Қазақстанның кей жерінде 35 аяз болады

Ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 12:25 Сурет: ҚР ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады. Солай түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды.

Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: