Шығыс Қазақстан облысында -32-35 градус аяз түсті
Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысындағы солтүстік аудандарда аяз қаһарына мінді.
Марқакөлде өткен түнде сынап бағанасы -37-40 градусқа дейін төмендеді.
Сондықтан бүгін бұл ауданда Ұранқай және ШанаҒаты ауылдарындағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқуға көшірілді, деп жазады qazaqstan.tv.
Алтай ауданында да қатты аяз болғандықтан, барлық орта мектеп бүгін қашықтан оқып жатыр.
Күршімде бастауыш сынып оқушылары да мектепке барған жоқ.
Аймақтағы басқа аудандарда күн райы тұрақты. Барлық бағыттағы автокөлік жолдары ашық.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript