Ауғанстанда аяз күшейіп, боран соқты
Қытайдың солтүстігінде сынап бағанасы минус 53-ті көрсетсе, Жапонияда қалың қар жауып, боран соқты.
Ауғанстанда осы аптада күшті аяздан 124 адам қайтыс болды. Ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеген. Мал да қырылып жатыр. Тұрғындар отынға, жылы киімге зәру. Кейбіреулер үйді газбен жылытуға мәжбүр, деп жазады qazaqstan.tv.
Соның салдарынан Герат провинциясында 158 адам газдан уланып, ауруханаға түсті. Соңғы 15 жылда тұрғындар осыншама қатты аязға куә болмаған.
Ал Қытайдың солтүстігінде ауа температурасы 58 градусқа дейін төмендеді. Мұндай көрсеткіш Хэйлунцзян провинциясының Амур ауылындағы метеостанцияда тіркелген. Жергілікті билік тұрғындарды жылумен және сумен қамтамасыз етуді жіті бақылауға алды. Ал кейбір аудандарда қалың қар жауған.
Жапонияның көп бөлігінде қар борап, көлік қатынасы тежеліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, бораннан бір адам қаза тапты. Тағы екі тұрғын суықтан көз жұмды деген ақпарат тергеліп жатыр. Ал, елдің батысындағы Киото қаласында пойыздар жүре алмағандықтан, 3 мыңдай адам теміржол станцияларынан сапарға аттана алмаған. Әуежайларда жүздеген ұшақ рейсінің тоқтады.