Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту Сурет: pixabay
Оралда көктайғақ болады

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 10 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Синоптиктер 9-12 желтоқсан аралығында түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжап отыр. Күндіз 10 желтоқсан Алакөл ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 18-23 м/с, 11-12 желтоқсан облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 20-25 м/с, 29 м/с.

10 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырауда тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында боран соғып, көктайғақ болады. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Оралда көктайғақ болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз