Мереке күндері астанада отшашу атылмайды, автобустар қатынайды

Қоғамдық көлік, отшашу , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 15:14 Сурет: Zakon.kz
Елордада автобустар демалыс күндері кесте бойынша жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz

City Transportation Systems алдағы күндерге арналған автобустардың жүру кестесін бекіткен.

Алдағы мереке күндері (1, 2, 3, 4 және 7 қаңтар) қоғамдық көліктер демалыс күнгі кестемен жұмыс істейді. Жолаушылар ағынының аздығына байланысты автобустар аз шығады. CTS баспасөз қызметі

Компания азаматтардан маршруттарды алдын-ала жоспарлауды сұрады.

Маска режимін сақтауды еске саламыз. Қоғамдық көлікке бетперделерсіз кіруге тыйым салынады. Жол жүру ақысын тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен төлеу қажет. City Transportation Systems баспасөз қызметі

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Жаңа жылға арналған отшашулар болмайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 желтоқсанда Астанада демеушілердің қаражаты есебінен Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: