Ұн тарту зауыттарына бидай арзандатылған бағамен сатылатын болды
Сурет: gov.kz/memleket/entities/moa
Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін 500 мың тонна астық жібереді, деп хабарлайды Zakon.kz
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 930 мың тонна көлемінде астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде азық-түліктік бидай 880 мың тонна болды.
Әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ұн тарту зауыттарына 275 мың тонна бидайды арзандатылған бағамен сатуды бастайды.
Сондай-ақ, еліміздің құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеммен қамтамасыз ету бойынша 235 мың тонна астық пен кебек жіберіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript