Ұшу кестесі қалпына келді
Сурет: Zakon.kz
FlyArystan әуекомпаниясы 2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап төтенше жағдайға дейінгі кестеге сәйкес рейстерді орындай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz
Тұрақты әуетасымалдау ішкі және халықаралық бағыттарда орындалады, оның ішінде Түркия, Қырғызстан, Ресей, Грузия мен Өзбекстан, БАӘ.
2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап барлық жолаушылар (оның ішінде ҚР екпе алған азаматтары) ПТР сынамасының теріс нәтижесі болған жағдайда ғана Қазақстанға келе алатынын хабарлаймыз. Анықтама тестті тапсырған сәттен бастап 72 сағат жарамды болады.FlyArystan баспасөз қызметі
Осыған байланысты компания өкілдері жолаушылардан жаңартылған ережелерімен алдын ала танысуды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде рейсі орындалмаған жолаушыларға айыппұлсыз билеттерді толық қайтаруға немесе 2021 ж 31 қаңтарына дейін болатын рейстерге қайта брондауға рұқсат етілген. Ол үшін жолаушылардан билет сатып алынған жерге хабарласу қажет.
Мәліметтерді әуе компаниясының сайтынан білуге болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript