Мемлекет әлеуметтік осал топтардың жалға алған баспана құнының 50%-ын төлеп береді

Жалға алу , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 11:50 Сурет: pixabay
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік осал топтарға тұрғын үйді жалға алу құнының 50%-ын мемлекет тарапынан төлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Министрлік тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірледі. Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының "50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді" қағидатына негізделеді.

Мұндай төлемдер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген көлемінен аспауы керек.

Бүгінгі таңда елімізде мұндай 70 мың жан бар. Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде "Отбасы банкін" анықтау ұсынылған. 

Өтініш берушілер үшін мынандай негізгі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

  • отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;

  • "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;

  • тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: