Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда төрт ай бойы ауруханада болған баланың әкесі: Мен оны тастаған жоқпын

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 23:34 Сурет: pixabay
Төрт ай бойы ауруханада ата-анасын асыға күткен Тәңірберген бүгін туыстарымен табысып, әкесімен қауышты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәбидің туыстарының айтуынша, баланың әкесі Мейірбек олармен соңғы уақытта араласпаған. Оның үстіне, баласы барын да айтпады деп налып отыр. Ал бөбегімнен бас тартпаймын деген әке бүгін №2 емханада 4 ай бойы жатқан екі жасар нәрестесімен қауышты. Оның айтуынша, енді баланың тиісті құжаттарын толық рәсімдегенше, заңгермен кеңеспек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сүйкімді сары балапанның видеосы қазір әлеуметтік желіде желдей есіп, жұртшылықтың жанына батқаны жасырын емес. Екі жасар баланың ауруханада төрт ай бойы ата-анасыз күнелткені де көпшіліктің ызасын тудырған. Алайда баланың әкесі тұрағым болмай, тұрмыстан тарыққан соң ауруханада уақытша қалғанын қалап едім дейді.

Теледидардан әкесі тастап кетіпті деп көрсетіп жатыр, негізі тым әсірелеп жіберген. Өтірік ол, мұндағы дәрігерлердің бәрі көріп жүр ғой, мен ай сайын келіп тұрамын, баламды көріп тұрамын. Қолымнан келгенше, әрине. Ол менің балам. Кім өз баласын тастап кете салады екен. Өз балам, өзім асырағым келеді. Ол әйелімді немесе басқаны кінәлаудың пайдасы жоқ, бала маған керек. Тәңірбергеннің әкесі Мейірбек Тілепбаев

Мейірбек «мейірімсіз әке мен емес, тек күйсіз жүріп күнелткесін баламды өзіммен алып жүре алмадым» деп отыр. Оның үстіне әйелінің із-түзсіз жоғалып кеткенін, баласын жұмысқа ертіп барып жүргенін де айтты. Сөйтіп жұмыстан келе жатқанында полицейлер ұстап әкетіп, ұлымнан ажырап қалдым деп мұңын шақты. Ал аурухана қызметкерлеріне алғысын айтып отыр.

Тақырыпқа орай: Алматыда әкесі ауруханаға тастап кеткен екі жасар баланың әжесі табылды

Біз өзіміз де нашар жағдайда, батпақта, лас жерде, ауылда өстік қой. Дәрігерлерге еш өкпем жоқ. Рахмет айтамын! Кеше де дәрігерлер хабарласып, «тезірек кел, жағдай мынадай болып кетті» деп байланыста болды. Мейірбек Тілепбаев

Ал Тәңірбергенді жақындары жарылқай алмаса, бауырыма басамын деген хаттар біздің редакцияға да түсіп жатты. Алайда ағайындары баланың барын әттең кеш біліп қалдық деп бармақ тістеп отыр. Әйтпегенде жағдай ушықпас еді дегенді алға тартты.

Біз кеше ғана білдік, шын айтамын. Әкеміз жылап хабарласып, айтқаннан кейін біз іздестіріп бастадық. Кеше түнімен ұйықтағанымыз жоқ. Менің інім ғой енді, інім. Біз «асырап аламыз» деп айтылып, жазылып жатқан пікірдің бәрін оқып отырмыз. Ол баланы өзіміз-ақ асырап аламыз, бір баланы асырап алуға шамамыз жетеді. Тәңірбергеннің әпкесі Жанар Тілепбаева

Медициналық мекеменің мамандары Мейірбекке қатысты ешқандай іс қозғамады, сондықтан баланы қайтарып алуына толық мүмкіндігі бар дейді. Қорытынды анализдерін тапсыртып, құжаттарын рәсімдеуіне көмектеспек.

Әкесі келді, баласын көрді, жағдайын білді. Ары қарай бізден кеңес алды, баланың ары қарай кететін жағын сұрады, қай жаққа барады деді. Біз өз кезегімізде жағдайдың қалай болатынын түсіндіріп, тиісті кеңестерімізді бердік. Баланың туу туралы куәлігі алынды. Енді балалар үйіне аударылды. Заңгер Рүстем Балтабаев

Мейірбектің жақындары бүгіннен бастап балаға қатысты барлық құжатты қайта рәсімдеп, әкесіне қалдыру үшін көмек береміз дейді. Ал тиісті талаптар заң аясында орындалғанша, екі жасар сәби уақытша балалар үйінде болмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: