Қаңтар оқиғасы: Көлік нысандарына келген шығын көлемі 530 млн теңгеден асты
Сурет: Zakon.kz
Шығынның басым бөлігі Алматы халықаралық әуежайына тиесілі, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан телеарнасының мәліметінше, қаңтардағы оқиғадан көліктерге келген шығын көлемі 530 млн теңгеден асты. Басым бөлігі Алматы халықаралық әуежайына тиесілі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Шығын көлемі әлі де өсуі мүмкін. Қазір жедел іздестіру және тергеу амалдары жүріп жатыр. Көлік полициясымен 72 қылмыстық іс тергелуде. Олардың дені ұрлау мен тонауға қатысты. Қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына 14 күдікті қамалды. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуежай мен теміржол вокзалдарын полиция қызметкерлері тәулік бойы күзетуде.
Жалпы сомасы 24 587 874 теңге болатын мүлік ұрланған, оның ішінде 3 автокөлік, 5 ұялы телефон, 2 299 825 теңге сомасындағы ақша қаражаты және 635 мың теңге болатын 47 киім тәркіленді.Көліктегі полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Теміржан Рамазанов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript