Пәкістандық әйел ұл босану үшін басына шеге қақты
«Известия » басылымы жазған мәліметке сай, полиция бұл оқиға туралы интернетте тараған рентген суреті арқылы білген.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жәбірленуші қансырағандықтан ауруханаға түскен.
Оқиға былай өрбіген, жүкті келіншек дәрігердің тексерісінен өтіп, УЗИ түсіреді. Онда іштегі бала қыз екені айтылып, шамамен сәби үш айда екені анықталады. Содан кейін жүкті әйел ішімдегі қыз ұл болуы керек деген қағидамен, емшіге барады. Себебі күйеуі тағы да қыз тусаң, ажырасамыз деп байбалам салады. Осылайша емші әйелге ішіндегі қыз бала ұлға айналуы үшін сәттілік тұмарын алып, сиқырлы мәтіндерді оқуың керек дейді. Артынша басыңа шеге қағып қойуың керек деп қолына шеге ұстатады. Жәбірленуші үйіне оралып, емшінің айтқанын бұлжытпай орындайды.
Дәрігерлердің айтуынша, қан сорғалап, айғайлап жатқан жерінен оны туыстары тауып алып, ауруханаға жеткізеді. Ол дәрігерлерге емшінің «әдісіне» жүгініп, ұл тумақ болғанын мойындайды.
Айта кетейік, оқиғаға қатысы бар «емшіні» ұстау үшін полицейлер арнайы топ құрған.
Тәртіп сақшылары кінәсіз әйелдің өмірімен ойнап, ұл балаға жалған уәде беріп, басына шеге тыққызған алаяқты жауапқа тартпақ. Сондай-ақ олар емдеуші дәрігердің бұл жағдайды құзырлы органдарға неге хабарламағанын анықтайтын болады.
Басылымның мәліметінше, жәбірленушінің үш қызы бар. Күйеуі ұл тумаса, ажырасып кетем деп қорқытқан.