Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде түнгі клуб маңында әйелді тонап кетті

Ақшасын алып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 14:33 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әйел сол күні кешке ер адаммен кездесіп, онымен түнгі клубта уақыт өткізген. Көңіл көтерген екеуі клубтан шыға бергенде, жаңа танысы әйелдің қолынан ақша толы сумкасын жұлып алып, қашып кеткен деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға 25 қаңтар күні сағат түнгі 02:30 шамасында Өскемен қаласында болған.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қаладағы түнгі клубтардың бірінің алдынан ер адам, әмиян салынған пакетті жұлып, белгісіз бағытта қашып кеткенін айтқан. ШҚО ДП баспасөз қызметі

Бейнекамералардағы деректердің арқасында патрульдік жасақ күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 35 жастағы жұмыссыз облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Ер адам ұсталды, бірақ ол ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Ұсталған кезде құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Азамат кінәсін мойындады, қолындағы заттай айғақ жартылай алынды.ШҚО ДП баспасөз қызметі

Істі қарау барысында полицейлер жәбірленуші мен ұсталған адамның ойын-сауық мекемесінде кездескенін анықтады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі (қарақшылық) бойынша ер адамды 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар. ШҚО ДП баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: