Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан қабылданады

Автонесиелеу бағдарламасы, утилизациялық алым, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 18:29 Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ Баспасөз хатшысы жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына қатысты ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Жанжігіт Омархан бұл жөнінде өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ол жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу барысы туралы айтылған ақпараттың БАҚ-та сәл бұрмаланып берілуі осы постты жазуға итермелегенін атап өтті.

ҚР ИИДМ Автомобиль жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов «Хабар» телеарнасына сұхбат беріп, жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларының жобалары туралы әңгімелеп берді. Осы сұхбат негізінде kolesa.kz порталы « Жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы. Алғашқы мәліметтер» деген тақырыппен материал жариялап, кейін ол өзге де ақпарат құралдарында таратылды. Бұл ретте бастапқы ақпарат сәл бұрмаланған. ҚР ИИДМ баспасөз хатшысы Ж.Омархан

Атап айтқанда, Р.Хисамутдинов айтқан «ұсынылады», «әзірленеді» және «пысықталады» сөздерінің орнына авторлар «болады», «ерекшеленеді» сияқты сөздерді қолданған. Осылайша, оқырмандар мен көрермендер жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы жасалып, жақын арада іске қосылады деп қате ойлап қалуы мүмкін.

Яғни, әлі зерттеліп, пысықталып жатқан бастамалар қазірдің өзінде қабылданған шешім ретінде жеткізілген. Осыған байланысты қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікті несиелеуге 4 жылға (бірінші жылға – 30 млрд) бөлінген 150 млрд теңге (БАҚ-та айтылғандай 250 млрд емес) бағыттау қарастырылуда. Несие беру шарттарын 2015 жылдан іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылады.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы

Екінші ұсынылып отырған нұсқа халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз несие беруді қарастырады. Бұған дейін ҚР Премьер-министрі атап өткендей, оған «ӨКМ операторы» компаниясында жиналған қаражаттан шамамен 100 млрд теңге бөлу ұсынылады.

Сондай-ақ, бір адамға берілетін несие шегін 7 млн теңге қылу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады.

Қалай болғанда да, екі нұсқа да қазіргі уақытта межесіне жеткен жоқ. Олар ҚР ИИДМ ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте. Жалпы алғанда, 2022 жылы барлық құжаттық және заңдық процестері аяқталғанда жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы іске қосылады.Жанжігіт Омархан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: