Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуір айының соңында іске қосылуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
ҚР ИИДМ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алу, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Бұған дейін ведомство бағдарлама шартын жариялаған еді. Ол бойынша бастапқы жарна – 0 %, несие мерзімі – 7 жылға дейін, несиенің максималды сомасы – 10 000 000 теңге.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге жоспарланса, өңірлердегі автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңге қарастырылып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript