Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмыртқа бизнесі: Шаруалар министрдің шешімін құптаудан бас тартты

Ауыл шаруашылығы министрлігіғ субсидия, жұмыртқа өнідіріс, құс фабрикасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 17:17 Сурет: pixabay
Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау жүйесін реформалауды қолға алып, жаңа тәсілдер әзірлеп жатыр. Ең бірінші ұсыныс – 47 субсидия түрін 20-ға дейін қысқарту. Алайда шаруалар субсидия санын қысқартуға қарсы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Субсидияның тиімділігін арттыру үшін технологиялық ортаншы процестерді емес, тек қана түпкілікті нәтиже алатындай оңай бақылауда ұстайтын процесстерді субсидиялау керек. Субсидияның бәрін алып тастап, жеңілдетілген несие беру жеңіл жол болып отыр. Біз 350 млрд теңгедей субсидия бөліп отырмыз. Оның шамамен 100 млрд теңгесі лизингтің төлемақысын арзандатуға жіберіледі. Қаржыны арзан кредиттерге бөліп, басқа субсидияның бәрін алып тастауға мүмкіншілік бар еді. Ауыл шаруашылығы министрі

Алайда шаруалар субсидия санын қысқартуға қарсы, өйткені олардың кәсібіне айтарлықтай шығын әкеледі. Қанша уақыттан бері шығынға ұшырап келе жатқан жұмыртқа өндірушілерінің де айтары бар. Мемлекет қолдауы болмаса, бірнеше фабрика құс басын азайтып, тіпті жабылып қалуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені табиғи жолмен дамуы үшін мемлекет қолдауын азайту керек деп есептейді. Алайда өндірушілер мұнымен келіспейді, өйткені субсидия көптеген фабриканың аяқтан тұруына көмектескен. Соның арқасында өндіріс көлемі артқан.

Жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының өкілі субсидиялардың алынып тасталуы барлық салаға ауыр соққы болып тиеді деген пікірде.

Жұмыртқаны субсидиялауды алып тастау құс фабрикаларының табысының азаюуына әкеледі. Пайда көрмей, шығындалып жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан өндірушілер жұмыртқа бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бірақ қазір Қазақстанда жұмыртқа ішкі нарықта тұтынылатын көлемнен әлдеқайда көп өндіріледі. Ұсыныс сұраныстан асып кеткен жағдайда бағаны көтеру мүмкін емес. Сондықтан фабрикалар банкрот болмас үшін өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр. Қауымдастық өкілі

«Ақкөл Құс» ЖШС басшысы Сапарғали Әбдірайымов фабриканың тек шығынмен жұмыс істеп жатқанын айтады.

Субсидияны алып бидайға берейік дейді. Онымен ештеңе өзгермейді. Біз алатын субсидия – бір жұмыртқаға үш теңге. Жаңа жыл алдында министрлік бізге жұмыртқаны 32 теңгеден қойсаңдар үш теңге субсидия береміз, сонда шығындалып жұмыс істемейсіңдер деді. Бүкіл фабрикалар келісіп сол бағаға түсірдік. Оның үстіне монополияға қарсы орган 32 теңгеден жоғары болмасын деген шарт қойды. Әрі қарай келісілген шарт жүзеге аспады. Қазір бірінші санаттағы жұмыртқаны 25 теңдеген сатып жатырмыз. Ал бір жұмыртқаның фабрикадағы өзіндік құны қосалқы құн салығын қоса алғанда – 36-37 теңге. Пайда жоқ, тек шығын.«Ақкөл Құс» ЖШС басшысы Сапарғали Әбдірайымов

Сапарғали Әбдірайымов жұмыртқаның қымбаттауына өндірушілер себепші емес екенін, қадағалаушы органдар фабрикаларды емес, алыпсатарлар мен саудагерлерді тексеруі керек деп есептейді.

Антимонополия органы бағаны көтермеңдер деп үнемі қысады. Олар бізді емес ортадағы делдалдарды тексерсін. Біз жұмыртқаны 25 теңгеден сатамыз, ал дүкенде ол неге 40 теңгеден сатылады? Баға көтерілсе болды, айналып келіп өндірушіні тексереді. Өндіруші жұмыртқа өндіргеніне кінәлі емес қой. Өзі шығарған өнімді өз бағасында сата алмаса бизнестің не қажеті бар? Тіпті бізге өз құнымен сатқызбай жатыр.Сапарғали Әбдірайымов

Оның сөзінше, 2020 жылы субсидиялау ережесі өзгеріп берілуі керек 55 млн теңге субсидияның 20 млн теңгесін ғана алған. Жаңа ереженің шыққанын күтіп жүргенде «сатылған жұмыртқа жарамайды» деп өтінімді қабылдамаған. 2021 жылы да жағдай қайталанған. 2021 жылдан қалған 20 млн теңге субсидия әлі берілмеген.

Бүгінгі таңда құс фабрикалары 2022 жылғы өндірістік жоспарларын қайта қарап жатыр. Оның ішінде өндіріс көлемін азайту бар. Бұдан бөлек, өндірушілер құс етін мерзімінен бұрын союға мәжбүр болып отыр.

2022 жылдың басында елдегі әр үшінші құс фабрикасы амалсыздан құстарды соя бастаған. Бұған соңғы үш айда жұмыртқаның көтерме бағасы 30%-ға (37 теңгеден 26 теңгеге дейін) арзандауы әсер еткен. Ал өзіндік құны – 30 теңге мен 35 теңгеге аралығында.

Біз жұмыртқаны өзіндік құнынан да арзан бағаға сатамыз. Талқылап жатырмыз дейді, бірақ субсидия бермейтін секілді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен жиынға қатыстым. Ол Қарағандыға субсидиялау бойынша ұсыныстарды тыңдау мақсатында келген екен. 2013 жылдан бергі субсидиялау ережелері жұмыс істеп келді. Елімізде тауық жұмыртқасын өндіру қалай өскенін қараңыз. Бұл жақсы емес пе? Мемлекет жұмыртқаны экспорттады, бұл да жақсы емес пе?Қарағанды облысындағы Ushtobe Qus ЖШС басшысы Валерия Семенова

Фабрика төлқұжат бойынша жылына 126 миллион дана жұмыртқа шығаруы керек. Ал бұл көрсеткіш 165 миллион данаға жеткен.

Біз субсидияны көбірек алуға ұмтылдық және соған сай жұмыс істедік. Жалпы ішкі өнім көрсеткіштеріне еш зиян тигізбейміз. Ал қазір біз шығындалып жұмыс істеп жатырмыз. Жоспар бойынша құстарды наурызда соямыз деп едік, мұны қазір бастап кеттік. Соған сай өнім де азаяды. Ал жас құсты сатып алмасақ, жұмыс орындары да қысқарады. Валерия Семенова

Максим Божконың сөзінше, биыл жұмыртқалайтын тауықтар санын 10-20%-ға қысқарту 300-600 жұмыс орнының қысқаруына және өндірістің 200-400 млн дана жұмыртқаға төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл тұтынушылардың қалтасына да әсер етпей қоймайды. Жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының бағалауынша, жұмыртқа 10-30% қымбаттауы мүмкін.

Әр фабрика тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Соңғы екі жылда жұмыртқа өндіретін 35 құс фабрикасының төртеуі жабылған. Төрт облыста 500 астам адам жұмысынан айырылған. Құс фабрикаларының жұмыртқа өндірісі 2019 жылы 4,3 млрд дана болса, 2021 жылы 3,5 млрд данаға дейін төмендеген.

Жаңа жыл алдында бір күнде 250 мың дана жұмыртқа шығаратын едік. Тауық басын жүз мыңға азайуға мәжбүр болдық. Қазір күніне 140 мың жұмыртқа береміз. Қаңтарда жиырма адамды жұмыстан босаттық. Пайда көрмесек, оларға қалай жұмыс тауып береміз?«Ақкөл Құс» ЖШС басшысы Сапарғали Әбдірайымов.

2021 жылдың соңында Қазақстанның төрт облысынан Ресейге құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Қырғызстанға құс еті мен жұмыртқасын экспорттауға да тыйым салынды. Бұл жағдай шекаралас облыстардағы құс фабрикаларының артық өнімін экспортқа шығара алмауына әкелді.

Жаңа жылдық мерекелерден кейін сұраныс төмендеп, нарықта ұсыныс сұраныстан асып кеткен. Бұл жұмыртқаның көтерме бағасының төмендеуіне әкеп соқты. Ал зауыттар қазір шығынмен жұмыс істеуде. Сол себепті Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы құс өнімдері экспортын шектемеуді сұрайды. Ал өндірушілер Қытай сияқты үлкен нарыққа экспорттау жағдайды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі деп есептейді.

Сапарғали Әбдірайымов «Ақкөл Құс» фабрикасында 2021-2025 жылы жұмыртқа басын көбейтіп, күніне 300 мың дана өндіруді жоспарлаған. Соған сай тауық санын көбейтіп, жаңа базаларды іске қосып, жаңа жұмыс орнын ашуды көздеген. Алайда осылай шығындалып жұмыс істесе фабрика жабылып, жүз адам жұмыссыз қалуы мүмкін дейді ол.

Өз тарапынан өндірушілер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміндегі С1 жұмыртқасын С2 жұмыртқасымен алмастыруды ұсынып отыр. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы құс фабрикалары С2 санатындағы жұмыртқа бағасын бекітуге дайын.

Өндірушілерді субсидиялаудан бас тарту халыққа кері әсерін тигізері анық. Неге десеңіз, өнімнің түпкі бағасы өсіп, адамдар жұмысынан айырылып жатыр. Сатып алу қабілеті төмендеп, халықтың әлеуметтік осал топтары тағы да жапа шегеді. Себебі жұмыртқа құнының қымбаттауы басқа тауарларға тікелей әсер етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: