Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеуде қоқыс басқан пәтерден 8 айлық егіздер табылды

ашқұрсақ, егіз, Мәскеу, қамқоршылық қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 15:42 Сурет: Мәскеу прокуратурасының ресми телеграмм арнасы
Мәскеуде пәтерлердің бірінен ауыр халдегі сегіз айлық егіздер табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде Плеханов көшеcіндегі тұрғын үйдегі пәтерден екі нәресте табылды. Сегіз айлық ұлдар екен. Олардың біраз уақыт тамақтанбағаны мәлім болды. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілді.Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство өкілі егіздердің әкесі мен шешесі үйде мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, олардың басқа балаларға қатысты ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, олардың барлығы 10 баласы болған: оның 8-ін қорғаншылық және қамқоршылық қызметі тартып алған.

Татьяна мен Михаил Боровойдың үлкен баласы 16 жаста, ол жеті іні-қарындасымен (ең кішісі 2 жаста) интернатта. Сегіз айлық егіз баланың лас пәтерде ашқұрсақ жатқанын туыстары мәлімдеген.

Бұған дейін Екібастұздағы пәтерлердің бірінен еріктілер аурушаң төрт баланы тапқанын, «маугли» балаларда генетикалық ауру болуы мүмкін екенін жазған едік.

Балалардың барлығы ауырады, жүре алмайды. Қыздың іші үлкен болып ісіп кеткен. Ұлдардың бірі екі күннен бері құсып жатыр. Ал екі үлкен баланың аяқ-қолы қисайып кеткен. Балалар үш күннен бері тамақ ішпеген. Дәрігерлер пәтерге дереу барып, балаларды анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Киім-кешек, аяқ киім болмағандықтан балаларды қолдан келгенше бүркеп, киіндіріп, үйден алып шықты. Еріктілер
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: