Суға түсіп кеткен телефон үшін сүңгуір жалдаған
Сурет: pixabay
Еріккеннің ермегі ме, әлде мұқтаждық па? Балық аулауға барып, суға қымбат телефонын түсіріп алған адам, оны алып шығу үшін, арнайы маман, яғни сүңгуір көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz
Астана телеарнасының мәліметінше, бұл кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Оқиға еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз.
Әуесқой түсірілім иесі, суға кеткен құрылғының құны шамамен 800 мың теңге тұратынын айтады.
Бағалы затты судан алып шығуға телефон иесі 160 мың теңге төлеп, арнайы маман жалдаған.
Оқиға кеш батқанда орын алғаны байқалады. Тілсіз жаудан қорықпаған су маманы қараңғы түнде өзен түбінен құнды телефонды алып шықты.
Құрал жұмыс істеп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript