Апалы-сіңлілі қыздар киім брендін ойлап тауып, бір күнде 4,4 млн теңге табыс тапты
Stan.kz таратқан ақпаратқа сай, Рейчел мен Кэти Вейл (Rachel и Katie Vale) 2021 жылдың тамыз айында киім өндірісін ашу туралы шешім қабылдаған. Олардың алғашқы топтамасына худи мен түрлі-түсті спорттық костюмдер кірген. Ақырында қыздар бүкіл топтаманы аз уақытта сатып, бір күнде 10 мың доллар (шамамен 4,4 млн теңге) табыс тапқан.
Кәсіпкер қыздар мұндай табысқа аз уақытта жетеміз деп ойламаған. Сондықтан олар бірнеше күн бойы есеңгіреп жүргендерін айтады.
Рейчел мен Кэти компанияны әрі қарай дамытып, топтамаға басқа да киім түрлерін қосатындарын айтты. Көп ұзамай, Париждегі сән аптасын ұйымдастырушылар қыздармен байланысып, оларды Францияға шақырған.
"Дефиле жайлы тіпті, армандамадық. Адамдар өз көрсетілімдерін өткізу үшін жылдар бойы университеттерде оқиды, ал бізді жай ғана шақыра салды. Өйткені басшылыққа біздің брендтің идеологиясы ұнаған. Бұл деген ақылға қонымсыз нәрсе", - деді әпкелі-сіңлілі қыздар.
Қыздардың көрсетілімі 28 ақпан күні La Galerie Bourbon ғимаратында өтеді.