Жол апатында тірідей өртеніп кеткен үш баланың әкесі де көз жұмды
Сурет: Zakon.kz.
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болып, көлік ішінде үш бала тірідей жанып кетті. Ауруханаға түскен әкесі де жан сақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға қаланың Оңтүстік айналма жолында болған.
Полицияның хабарлауынша, «Лада Ларгус» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін жолдың қарсы бағытына шығып, цистернасы бар фураға соғылған.
Кейін жолдың оң жағына аударылып, өртенген.
Көлік рөліндегі үш баланың әкесі терезеден ұшып кеткен.
Ал, 15, 13 және 1 жастағы балалар отқа оранған көлік ішінде қалып қойған.
45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Түскен кездегі жарақаты өте ауыр болды. Жансақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетіліп, бүкіл ем жүргізілді. Соған қарамастан, 8 сағаттан соң науқас қайтыс болды. Жандос Дербіс, Ақтөбе облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript