Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны артты – ҚР ИИДМ

Ұшақ, Қазақстанның әуе кеңістігі, әуе кеңістігі, Ресей, Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 14:56 Сурет: pixabay
Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына 1,5 млн доллар көлемінде қосымша табыс әкеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, еліміздің аэронавигациялық жүйесі ешбір шектеусіз әуе қозғалысын қабылдай алады.

Ведомство өкілдері әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдеріне бағытталған транзиттік рейстердің көпшілігі қазір Еуропаның оңтүстік дәліздері арқылы орындалып жатқанын айтты.

Бұл ретте әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына бағытталды. Соңғы тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалды.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Министрлік өкілдері Республиканың аэронавигациялық жүйесінің өткізу қабілеті ешқандай шектеусіз әуе қозғалысының қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар арнайы шаралар қарастырылған:

  • қосымша секторлар ашу;

  • кезекші ауысымдарды күшейту және азаматтық-әскери үйлестірудің өзара іс-қимылы,

  • түзетілген және балама бағыттар ұсыну,

  • Қазақстанның әуеайлақтарына қонатын кемелер үшін әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беруді оңайлату және т. б.

Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс әкеледі.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: