Ақтөбеде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артты
Сурет: pixabay
Ақтөбеде инфекцияның қарқын алып, облыстық стационардың лық толуына байланысты қосымша стационар ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысында 2023 жылдың ақпан айынан бастап қызылшамен 828 адам ауырған. Инфекциялық ауруханаға балалар ата-анасымен түсуде, ауру баладан анасына жұғуда.
Облыста қызылшаға шалдығудың мұндай көлемі көптен бері алғаш тіркеліп тұр, - дейді облыстың бас инфекциялық дәрігері Мейрамбек Құрманғазин.
"Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 81 адам бар. Оның 68-і - бала, 13-і - ересек. 18 қазаннан бастап қызылшамен ауырғандарды қала сыртындағы "Чайка" сауықтыру орталығына жатқызатын боламыз. Ол арадан қосымша 80 орын дайындалды". Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев
Асқынуларға байланысты қызылшамен ауыратын екі бала қазір жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдер де қызылшамен ауыра бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript